Грекияда мыңдаған студент ереуіл ұйымдастырды,

Грекияда мыңдаған студент ереуіл ұйымдастырды, деп хабарлайды 24kz.

Олар 2 жыл бұрын болған теміржол апатына қатысты әділ тергеу жүргізуді талап етіп жатыр.

Ел тарихындағы ең ірі теміржол апаты салдарынан 57 адам көз жұмды. Екі жыл өтсе де, қайғылы оқиғаның нақты себебі әлі жария етілген жоқ. Тергеу аяқталмаған. Сондықтан сот отырысы басталмай жатыр. Былтыр маусымнан бері кейінге шегеріліп келеді. Наразы жұрт марқұмдардың көбі апаттың өзінен емес, артынша болған өрттен қайтыс болғанын айтады. «Бірақ билік оны жасырып отыр», - дейді.