ХАМАС Израильге тағы үш тұтқынды қайтарады
ХАМАС қозғалысының өкілдері Израильге тағы үш тұтқынды қайтармақ, деп хабарлайды 24kz.
Олар 30 бен 56 жас аралығындағы ер адамдар. Бұл туралы Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяхудың кеңсесі хабарлады. Әзірге олардың қай уақытта босатылатыны белгісіз. Өз кезегінде Израиль тарапы түрмелерден тағы 180 палестиналықты босатуы тиіс. Бұл 19 қаңтарда Израиль мен ХАМАС арасындағы бітім туралы келісім күшіне енгеннен кейінгі бесінші тұтқынмен алмасу болмақ. Осы уақытқа дейін ХАМАС 14 тұтқынды қайтарса, Израиль 400 палестиналықты босатты.