Илон Маск Time журналының мұқабасына шықты
Америкалық миллиардер Илон Маск Time журналының мұқабасына шықты, деп хабарлайды 24kz.
Суретте ол АҚШ президентінің жұмыс үстелінде отыр. Мақала авторларының айтуынша, бұған дейін бірде-бір жеке кәсіпкер АҚШ үкіметіне Маск секілді ықпал еткен емес. The Washington Post басылымы оны «көлеңкелі президент» деп те атаған болатын. Мәлімдеме Маск басқаратын Мемлекеттік тиімділік департаменті Қаржы министрлігінің төлем базасына қол жеткізгеннен кейін жасалды. Бұл шешім сенаторлар, демократ-конгрессмендер және құқық қорғаушылар тарапынан қатты сынға ұшырады. Олардың пікірінше, бұл салық төлеушілердің деректерінің құпиялығына қауіп төндіреді. Өз кезегінде Маск бұл ақпарат мемлекеттік шығындарды оңтайландыру және үкіметтік құрылымдардағы бюрократиямен күресу үшін қажет екенін мәлімдеді.