АҚШ-та Трамп әкімшілігінің үстінен сотқа арыз түсті

АҚШ-тың бірнеше қаласы президент Дональд Трамптың әкімшілігіне қарсы сотқа арыз түсірді.

CBS News-тің хабарлауынша, оған Трамптың көші-қон саясаты себеп. Арызданушылар Ақ үйдің заңсыз мигранттар көп шоғырланған қалаларды қаржыландырудан бас тартуына наразы. Осыған байланысты Сан-Франциско, Лос-Анджелес, Нью-Йорк басшылығы мигранттарды ұстау және депортациялау мәселесі бойынша федералды көші-қон қызметімен бірлесе жұмыс істеуден бас тарта бастаған. Айта кетейік, Дональд Трамп президент қызметіне кіріскен екі аптада 5 мыңнан астам адам елден шығарылды. Олардың басым бөлігі Мексика, Гватемала, Гондурас және Сальвадор азаматтары.