Жапонияда қарлы бораннан бір адам көз жұмды

Жапонияның солтүстігінде қарлы боран халықты әуреге салды.

Кей жерлерде жауған қардың қалыңдығы 4 метрге жетеді. Соның салдарынан бір адам қаза тауып, төрт тұрғын жарақат алды. Ондаған көлік қар құрсауында қалған. Ағаштар құлап, үйлерге зақым келген. Ауа райы қолайсыздығына байланысты аймақта әуе рейстері тоқтатылды. Жолдар жабылды. Жергілікті метеорологтардың айтуынша, қарлы боран мен аяз әлі бірнеше күн жалғасады. Осыған байланысты жергілікті билік тұрғындарға үйден шықпауға кеңес берді.