Мексикада жол апатынан 41 адам қаза тапты
Мексиканың оңтүстігінде жол апатынан 41 адам ажал құшты.
Қайғылы оқиға Табаско штатында болды. Алдын ала мәлімет бойынша, жүк көлігі қарсы бетке шығып, автобуспен соқтығысқан. 2 көлік те толығымен жанып кеткен. Автобуста 48 адам келе жатқан. Көз жұмғандар арасында 38 жолаушы және 2 көліктің жүргізушілері бар. Апат орнында құтқару және тазарту жұмысы әлі жүріп жатыр.