Израиль Газадағы Нецарим дәлізінен әскерін әкетті
Израиль Газа секторын солтүстік және оңтүстікке бөліп тұрған Нецарим аймағынан кетті. Бұл ХАМАС пен Израиль арасындағы бейбіт бітім аясында іске асты.
Негізі Нецарим дәлізін Израиль әскері палестиналықтардың жүріс-тұрысын шектеу үшін қолдан жасаған. Қазір Израиль Газа мен Мысыр арасындағы Филадельфия дәлізі мен Израиль-Палестина шекарасындағы буферлі аймақты бақылауда ұстап отыр.