Арабтар Каирде Палестина бойынша төтенше саммит өткізеді

Каирде Араб елдерінің лигасы Палестина бойынша төтенше саммит өткізеді. Шұғыл жиын 27 ақпанға жоспарланған. Бұл туралы Мысыр Сыртқы істер министрлігі мәлімдеді.

Кездесудің басты тақырыбы – палестиналықтарды Газадан шығаруға қарсы іс-шараларды келісу және анклавты қалпына келтіру мәселелерін талқылау. Лига бас хатшысының айтуынша, жоғары деңгейдегі саммитті өткізуге Палестина өтініш қылған. АҚШ президенті Дональд Трамп: «Израиль шабуылдарынан Газа секторындағы ғимараттардың 60%, ал тұрғын үйлердің 90%-і қирап қалды, сондықтан палестиналықтарды басқа елдерге көшіру қажет», – деген. Бірақ бұған араб мемлекеттері мен батыстағы бірқатар республика қарсы шықты.