Израиль Нецарим дәлізінен кеткен соң жарты миллион палестиналық үйіне оралды
Израиль әскері Газа секторын солтүстік пен оңтүстікке бөліп тұрған Нецарим дәлізінен кеткен соң жарты миллион палестиналық үйіне оралды. Жергілікті билік әлі жүздеген тұрғынның көшіп келіп жатқанын айтады. Дүние-мүлік тиеген көліктер легі тар көшеде кептеліс тудырған. Бұл кадрларды Associated Press агенттігі хабарлады.
Мысыр мен АҚШ-тың жекеменшік күзет компаниялары көлікте қару бар-жоғын тексеріп жатыр. Жаяу-жалпы келіп жатқандары да көп.