Қытайда лай көшкіні кезінде 28 адам жоғалып кетті

Қытайдың оңтүстік-батысында лай көшкіні жүріп, 1 адам ажал құшты. Тағы 28 тұрғын із-түссіз жоғалып кеткен. Табиғи апат Сычуань провинциясының Цзиньпин ауылында болған.

Құтқару жұмысына жауын-шашын мен лай көшкінінің жүру қаупі кедергі келтіріп тұр. Операцияға мыңнан астам полиция, өрт сөндіруші мен медицина қызметкері тартылған. Лай көшкіні шамамен 100 метр аумақта 10 үйді басып қалған, ені 20 метрге жетеді. 400 тұрғын уақытша орталықтарға орналасты. Билік 11 миллион доллар көлемінде көмек бөлді.