АҚШ-тың солтүстік-шығысын қалың қар басты

Нью-Йорк және Жаңа Англия штаттарында ақ ұлпа рекордты көлемде түскен. Кейбір жерлерде қалыңдығы 30 сантиметрден асады.

Қолайсыз күн райына байланысты Бостон әуежайларында 80-нен аса рейс кейінге шегерілген. Сондай-ақ теміржол қатынасы да тоқтап қалды. Тіпті Сомервилл қаласында жолаушылар пойызы станцияда тұрған басқа пойызға соғылып қалған. Бірнеше вагон аударылып, 5 адам жараланды.