Сидней қаласын топан су басты
Толассыз жаңбырдан Австралияның Сидней қаласын су басты.
Жергілікті БАҚ өкілдері таратқан ақпарат бойынша бір күнде шаһарға 100 миллиметр жауын түскен. Соның салдарынан көшелер көлге айналып, жұрттың жүріп тұруы қиындаған. Әзірге нөсерден қанша адамның зардап шеккені белгісіз. Зақым келген ғимараттар мен көліктер жайлы да ақпар жоқ. Қала билігі тұрғындарды барынша сақ болуа шақырып жатыр. Себебі ауа райы әлі де қолайсыз болады деген болжам бар.