Атыс тоқтағалы Газа секторының млн-нан аса тұрғыны көмек алды

Израиль мен ХАМАС арасында атысты тоқтату туралы бітім басталғалы Газа секторының миллионнан астам тұрғыны азық-түлік көмегін алды.

Бұл туралы Бапор және Бүкіләлемдік азық-түлік бағдарламасы өкілдері хабарлады. Көмектің негізгі бөлігі аймақтың оңтүстігіндегі үш бақылау-өткізу бекеті арқылы өткен. Сонымен қатар, БАПОР Газа секторының солтүстігіне қайтып жатқан азаматтар үшін 10 жаңа уақытша баспана ашты. Ол жерде тұрғындарға шатырлар, көрпелер, жылы киімдер мен дәрі-дәрмек беріледі. Израиль мен ХАМАС арасындағы атысты тоқтату режимі 19 қаңтарда күшіне енді. БҰҰ-ның бағалауы бойынша, осы уақыт ішінде анклавқа 13 мыңға жуық гуманитарлық көмек тиелген жүк көлігі жетті.