Бразилияда білім ұйымдары уақытша жұмысын тоқтатты
Бразилияда күн жанып тұр. Жергілікті метереологиялық қызметтің мәліметіне қарағанда, сынап бағанасы 40 градустан асып кеткен, деп хабарлайды 24kz.
Оңтүстіктегі Риу-Гранди-Ду-Сул штатында аптапқа байланысты білім ұйымдары уақытша жабылды. 2 мыңнан астам мектеп жұмысын 1 апта кейінге шегерді. Өйткені шыжыған ыстықтан далада жүру мүмкін емес. Билік тұрғындарды аса қажеттілік болмаса тысқа шықпауға шақырды.