Қытайдың АҚШ тауарларына енгізген жаңа тарифі күшіне енді
Қытайдың Америка Құрама Штаттары тауарларына енгізген жаңа тарифі күшіне енді, деп хабарлайды 24kz.
Атап айтқанда, көмір мен сұйытылған газға 15% баж салығы белгіленді. Ал мұнайға, ауыл шаруашылығы техникасы мен автокөліктерге – 10%. Бұдан бөлек, Қытай вольфрам, молибден, висмут және басқа да сирек металдардан жасалған өнімдерге қосымша экспорттық бақылау шараларын енгізді. Бұл металдар жаңартылатын энергия көздерінен бастап тұрмыстық электроника мен қорғаныс өнеркәсібіне дейінгі заманауи технологиялардың негізі болып саналады. Бұл шаралар АҚШ президенті Дональд Трамптың саясатына жауап ретінде қабылданды. Бұған дейін Вашингтон Қытайдан әкелінетін тауарларға 10% мөлшерінде тариф енгізген еді.