АҚШ-та екі ұшақ соқтығысты

АҚШ-та екі ұшақ соқтығысып, 1 адам опат болды, деп хабарлайды 24kz.

3 кісі жараланды. Қайғылы оқиға Аризона штатының Скоттсдейл қаласындағы әуежайда болған. Бұл туралы ABC телеарнасы хабарлаған. Ақпарат құралының айтуынша, Bombardier Learjet 35A дөңгелектері жерге тигеннен кейін ұшып-қону жолағынан шығып кетіп, Gulfstream 2100 бизнес джетке соғылған. Апат себебі әзірге белгісіз. Елдің Азаматтық авиация жөніндегі федералдық басқармасы тергеу жүргізетінін мәлімдеді.