ХАМАС Израиль тұтқындарын босатуды тоқтатты

ХАМАС Израиль тұтқындарын босатуды тоқтатты.

Бұл туралы қозғалыс өкілі хабарлады. ХАМАС: «Израиль оқ атпау туралы келісімді бұзды» деп айыптады. Еврей елі Газа секторының солтүстігіне әуе соққыларын жасаған. Осылайша, палестиналықтардың үйіне оралуы мен гуманитарлық көмек жеткізу кедергіге ұшырады. Бұдан бөлек, ХАМАС оқ атпау режимін бұзғаны үшін өтемақы талап етіп отыр. Бейбіт бітім 19 қаңтарда күшіне енген болатын. Оның бірінші кезеңінде 33 израиьлдік пен 1900 палестиналық босатылуы керек еді. Тұтқындардың кезекті легін үйіне жіберу осы сенбіге, яғни, 15 ақпанға жоспарланған.