Шри-Ланкада бір топ маймылдың кесірінен бүкіл ел жарықсыз қалды
![Шри-Ланкада бір топ маймылдың кесірінен бүкіл ел жарықсыз қалды](/media/k2/items/cache/2dcc1664d5e912fe0597c143845d66ee_XL.jpg?t=20250211_051059)
Шри-Ланкада бір сәтте бүкіл ел жарықсыз қалды, деп хабарлайды 24kz.
Оған бір топ маймылдың станция түбіндегі төбелесі себеп болған. Жануарлар желілік трансформаторды зақымдап, жүйеде ақау туғызған. Жүйені қалпына келтіруге шамамен бес сағат кетті. Алдымен электр қуаты ауруханалар мен су тазарту станцияларына берілді. Жергілікті тұрғындар оқыс оқиғаға байланысты үкіметті сынап, наразылығын білдірді. Олардың айтуынша, билік өкілдері жылдар бойы инфрақұрылымға тиісті көңіл бөлмей келеді.