ЦАХАЛ жыл басынан бері 580 палестиналықты қамауға алған
Жыл басынан бері Израиль әскері Иордан өзенінің Батыс жағалауында 580 палестиналықты қамауға алды.
Бұл туралы Al Jazeera телеарнасы хабарлады. Тұтқынға алынғандардың 60-сы бала, 17-сі әйел. Бәрі әскери түрмелерде отыр. Израиль билігі бұл қауіпсіздікке төнген қатердің алдын алу шарасы деп мәлімдеді. Аталған телеарнаның хабарлауынша, еврей әскерлері азаматтарды болмашы әрекеттері үшін қамауға алуы мүмкін. Мәселен азаматтар тас лақтырғаны үшін немесе жиынға қатысқаны үшін абақтыға жабылады. Израиль армиясының ұйымдастыруымен Дженин, Тубас, Тулькарм мен Рамалла қалаларында күн сайын рейд өтеді. ЦАХАЛ бұл шаһарларды лаңкестер шоғырланған негізгі мекен деп санайды. БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі басқармасы Израильдің әскери операцияларын заңсыз деп, оларды қатаң сынға алды.