Түркияда жер сілкінісі мен цунами болатыны ескертілді
Түркия тұрғындарына Эгей теңізінде жер сілкінісі мен цунами болады деп ескертілді.
Осыған байланысты елдің 3 аймағында дабыл орнатылған. Төтенше жағдайда тез әрекет ету қызметкерлері күшейтілген жұмыс режіме көшті. Мұндай шұғыл шаралар Эгей теңізінде сейсмикалық белсенділік басталғаннан кейін қолға алынған. Сондай-ақ жерасты дүмпулері Санторини және Аморгос аралдарының ортасында да тіркелді. Қаңтардың аяғынан бері архипелагта 6,5 мыңнан астам жер сілкінісі болған.