Трамп ХАМАС ұйымынан кепілдегілерді босатуды талап етті
Газа секторында кепілде отырған адамдар осы сенбіге дейін бостандыққа шықпаса, Израиль мен ХАМАС арасындағы қақтығысты тоқтату туралы келісімді жою қажет. АҚШ президенті Дональд Трамп БАҚ өкілдерімен кездесуде осылай деп мәлімдеді.
Трамп, сондай-ақ, Газадан қоныс аударған палестиналықтарды Иордания мен Мысыр билігі қабылдамаса қос елге АҚШ тарапынан көмек көрсетуді тоқтататынын айтып сес көрсетті. Трамптың мәлімдемесі аймақта қақтығыстың қайта өршуіне әкелуі мүмкін деген қауіп бар.
Дональд Трамп, АҚШ президенті:
- Егер барлық кепілге алынғандар сенбі күні сағат 12:00-де үйлеріне қайтарылмаса, айтқанымды дереу іске асырамын. Себебі бұл қолайлы уақыт. Талап орындалмаса, менен еш жақсылық күтпесін. Осыдан кейін қайтадан текетірес басталады. Тұтқында отырғандардың барлығы аман деп айта алмаймын. Көбі өлім құшқан болуы мүмкін.