Christie's ЖИ арқылы жасалған картиналар көрмесін өткізбек

Christie’s аукцион үйі жасанды интеллект көмегімен жасалған картиналар көрме-аукционын өткізеді, деп хабарлайды 24kz.

Бәссауда Нью-Йоркте 20 ақпанға жоспарланған. Онда барлығы 20 лот ұйымдастырылады. Негізгі экспонат суреттерді нақты уақыт режимінде сала алатын робот болады. Бірақ бұл шара дәстүрлі суретшілердің наразылығын тудырып отыр. Олар аукционды болдырмауды талап етті. «Қылқалам шеберлерінің айтуынша, нейрожелі өзгенің өнер туындыларын рұқсатсыз пайдалануды үйреніп, авторлық құқықты бұзады», - дейді суретшілер.