Гватемалада жол апатынан 51 адам қаза тапты
Гватемалада жолаушылар автобусы көпірден құлап, 51 адам опат болды, деп хабарлайды 24kz.
Қазір олардың денесі апат салдарын тексеру үшін мәйітханаға жеткізілді. Жергілікті құзырлы органның мәліметіне қарағанда, 15 жолаушы құтқарылды. Бірақ әзір қанша адамның тірі қалғаны белгісіз. Автобус көпірден шығып кетіп, суы таязданып қалған өзенге барып құлаған. Апат кезінде көлік ішінде 75 жолаушы болған. Оқиғаның себеп-салдарын анықтау үшін тергеу жұмыстары басталды. Ел Президенті Бернардо Аревало елде үш күндік ұлттық аза тұту күнін жариялады.