АҚШ бір тәулікте 190 мигрантты Венесуэлаға депортациялады
АҚШ билігі бір тәулікте 190 мигрантты туған еліне қайтарды.
Екі ұшаққа мінген заңсыз босқындар Венесуэла астанасы Каракасқа жеткізілді. Құқық қорғау органдары оларды Техас штатында ұстаған. The New York Times басылымының хабарлауынша, депортацияланғандардың арасында адам саудасымен айналысатын қылмыстық топтардың мүшесі деген күдікке ілінген адамдар да болған. Венесуэла билігі өз азаматтарын әуежайда қарсы алып, оларды қоғамға қайта бейімдейтін бағдарламалар дайындауға кірісті. Кейін азаматтар жұмыспен қамтылмақ. Жақын арада АҚШ-тан тағы мыңнан аса венесуэлалық еліне қайтарылады.