АҚШ алюминий мен болат импортына 25% баж салығын енгізеді
АҚШ алюминий мен болат импортына 25 пайыз баж салығын енгізеді.
Bloomberg мәліметіне қарағанда, жаңа тариф барлық экспорттаушы елге қатысты болады. Осылайша, билік өкілдері ел аумағында жаңа өндіріс орындарын құрып, азаматтарды жұмыспен қамтуды көздеп отыр. Президент Дональд Трамптың тиісті жарлығы наурыздың 12-сінде күшіне енеді. Бұдан бөлек, Ақ үй басшысы жақын арада шетелден келетін дәрі-дәрмек пен компьютер чиптеріне де қосымша тариф енгізуі мүмкін. Бұған дейін Вашингтон Қытайдан импортталатын тауарларға 10%, ал Канада мен Мексика өнімдеріне 25 пайыз баж салығын енгізген болатын.