Боливияда су тасқынынан 24 адам қаза тапты

Боливияда шелектеп жаңбыр жауып, тасқынға ұласты.

Салдарынан 24 адам опат болды. Тағы 1 адам із-түзсіз кетті. Табиғат апатынан әсіресе Ла-Пас аймағы қатты зардап шеккен. Мұнда өзен арнасынан тасып, жүздеген үйді су басып қалды. Бас амандығын ойлап баспанасын тастап қашқан тұрғындар жергілікті ғибадатханаларды паналауға мәжбүр болған. Билік шұғыл шара қабылдап, аймақта қауіптің қызғылт-сары деңгейін жариялады. Метеорологтар өңірде жауын-шашын бір ай жалғасады деген болжам жасады.