Toyota автоконцерні АҚШ-тан 106 мың көлігін кері қайтарып алады

Жапониялық Toyota автоконцерні АҚШ нарығына шығарылған 106 мың жол талғамайтын көлігін кері қайтарып алады.

Оған автолардағы тежеу сұйықтығының ағып кетуі себеп. Бұл туралы компания ресми сайтында хабарлады. Ақау тежегіштің тиімділігін төмендетіп, жол-көлік оқиғасына әкелуі мүмкін. Қайтарылатын көліктер қатарында былтырдан бастап шығарылған Tacoma модельдері де бар. Компания темір тұлпар иелеріне ақауы бар бөлшектерді тегін ауыстыру үшін дилерлік орталықтарға жүгінуді ұсынды.