Қытайда шамдар фестивалі өтіп жатыр

Қытайдың Гуанчжоу қаласында шамдар фестивалі өтіп жатыр.

Бұл қытайлықтардың жаңа жылына орайластырылған іс-шара. Мереке бүгін аяқталса да фестиваль көктемге дейін жалғасады.

Шамдар фестивалі жыл сайын Қытай жаңа жылы кезінде басталады. Онда көздің жауын алатын түрлі әсем жарық безендірулер жасалады. Биылғы мерекелік іс-шарада 200-ден аса инсталляция қойылған. Олар 600 шаршы шақырым аумақты алып жатыр.

Хуанг, көрме қонағы:

"Бұл мен көрген ең керемет шамдар фестивалі. Өте ауқымды іс-шара және Қытай мәдениетімен жақынырақ танысуға мүмкіндік береді."

Гуанчжоудағы фестивальді өз көзімен көру үшін Қытайдың өзге өңірлерінен келгендер көп. Жыл сайын оған миллионға жуық адам қатысады.

Чэнь, саяхатшы:

"Мен фестивальде гүлдердің Құдай анасы мен маймылдар патшасының кейпіндегі алып инсталляцияларды көру үшін арнайы Гуанчжоуға келдім. Суреттегі бір бөлек те өз көзіммен көру мүлде басқа."

Фестиваль 30 наурызға дейін жалғасады. Инсталляциялар көрмесінен бөлек оның аясында жарық шоуы, қуыршақтар спектаклі және концерттер өткізіледі.

Жулдыз Атагельдиева, Сандугаш Байкуаныш