Тамақтан улану бойынша Үндістан әлемде көш бастап тұр

Ауру астан.

Әлемде жыл сайын 600 миллион адам бүлінген тамақты жеп, ауырады. Бұл жер шарындағы әрбір оныншы тұрғын деген сөз. Ауру себебі әртүрлі. Азғаға тамақ арқылы бактерия, вирус, ішек паразиті мен химикаттар түседі.

Әлемде жыл сайын жүздеген мың адам астан, уланып қайтыс болады. Әсіресе мұндай қайғылы оқиғалар ауасы ыстық және ылғалды аймақтарда көп. Бұл тізімді Үндістан бастап тұр. Тұрғындар көбіне сальмонелла, қантышқақ амебасы мен ішек таяқшасы сияқты инфекцияларға шалдығады. Ауру тамақты дұрыс сақтамағаннан және етті термиялық өңдеуден дұрыс өткізбегеннен болады.  Жақында Үндістанның Мадхья-Прадеш штатында 170 адам астан уланып, ауруханаға түсті. Олар діни мерекеде жайылған дастархан тамағынан ұшынған.

Қырғызстанда адамдар астан уланған дәмханаларға айыппұл көлемі өсті

Қырғызстан билігі асын жеген адамдар уланып қалған дәмханалар мен мейрамханаларға салатын айыппұл көлемін өсіреді. Қазір тиісті заң жобасы Жогорку Кенеште қаралып жатыр. Ол бойынша, жеке тұлғаларға 50 мың, ал заңды тұлғаларға 100 мың сом айыппұл салынуға тиіс. Бұл біздің ақшаға шаққанда жарты миллион теңгеден астам сома. Былтыр елде астан ұшынған 70 оқиға тіркелді. Көбіне тамақты сақтау талаптары орындалмаған.

АҚШ билігі жібермей қойған 500 мың тонна азық-түлік бүлінуі мүмкін

АҚШ билігі кедей елдерге жеткізілетін азық-түлікті жібермей қойды. Осының кесірінен 500 мың тонна тамақ бүлінуі мүмкін. Қазір аталған шектеу алынған. Бірақ теңіз айлақтарындағы қоймаларда сақтауға бөлінетін ақша тоқтап, еріктілерді қаржыландыру ісі үзіліп қалған. Негізі бұл азық-түлік Газа секторы мен Судан тұрғындарына берілуі керек еді.