Конгода оқушылар бірнеше аптадан бері мектепке бара алмай отыр
Конгода оқушылар бірнеше аптадан бері мектепке бара алмай отыр.
Бұған Конго қарулы күштері мен көтерілісшілер арасында қақтығыстың өршуі себеп. Текетірес салдарынан білім ұйымдары қирап, жарамсыз болып қалған. Ал оларды оқу орнына таситын көліктер істен шыққан. Кей жерлерде мектеп ғимаратын тұрғындар қауіпсіздік үшін паналап отыр. Жағдайға алаңдаулы ата-аналар балаларын үйде ұстауға мәжбүр. Айта кетейін, өткен айда көтерілісшілер жергілікті қарулы күштерге шабуыл жасап, бірнеше қаланы басып алды. Бұл жағдай аймақта гуманитарлық дағдарыс тудырып, миллиондаған адамның қонысын тастап кетуіне әкеп соқтырды.