Гавай аралдарында тағы жанартау атқылады

АҚШ-тың Гавай аралдарында Килауэа жанартауы атқылады, деп хабарлайды 24kz

Американың геологиялық қызметінің хабарлауынша, одан шыққан күлдің биіктігі 100 метрге жеткен.

Айта кетейік, Килауэа әлемдегі ең белсенді отты таулардың бірі саналады. Ол 1250 метр биіктікте орналасқан. Өткен жылдың соңынан бері бұл жанартау осымен 9-шы рет атқылап жатыр.