Трамп пен Путин телефон арқылы сөйлесті

АҚШ президенті Дональд Трамп ресейлік әріптесі Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды 24kz

Ақ үй басшысы оны Social Truth әлеуметтік желісінде хабарлады. Бұл ақпарды Кремльдің баспасөз қызметі де растады. Мемлекеттер басшыларының әңгімесі 1,5 сағатқа созылған. Кремльдың баспасөз хатшысы Дмитрий Песковтың айтуынша, президенттер Таяу Шығыстағы ахуалды, энергетика мәселесі және де Украинадағы жағдайды реттеу мәселесін талқылаған. Трамп әскери қақтығысты тез арада тоқтатуды және мәселені бейбіт жолмен шешуді ұсынды. Путин Трампқа жауап ретінде қақтығыстың түпкі себептерін жою қажеттігі туралы айтқан.

Сонымен қатар Ресей басшысы АҚШ президентін Мәскеуге шақырды. Путин мен Трамп байланыстарды жалғастыруға, сондай-ақ жеке кездесулер ұйымдастыруға келісті. 

 

Трамп пен Зеленский телефон арқылы сөйлесті

АҚШ президенті Дональд Трамп Украина басшысымен де телефон арқылы сөйлесті. Мұны Владимир Зеленскийдің өзі «Телеграм» арнасындағы парақшасында мәлімдеді. Әңгіме барысында тараптар бейбітшілікке жету мүмкіндіктерін талқылады.