Әлемдік БАҚ Д. Трамп пен В. Путиннің сөйлесуін жетістік деп бағалады
Әлемдік ақпарат құралдары АҚШ президенті Дональд Трамп пен Ресей президенті Владимир Путиннің өзара әңгімесін жетістік деп бағалады. Америкалық Politico газеті екі ел басшысының диалогы Құрама Штаттардың сыртқы саясат стратегиясын алға жетелейді деп жазған.
Басылым сарапшыларының ойынша, бұл АҚШ пен Ресей қарым-қатынасын жақсартудың алғашқы қадамы болуы мүмкін. Ал «Блумберг» Трамп пен Путиннің Украинадағы соғысқа екі түрлі көзқараспен қарайтынын атап өткен. Олар Ақ үй басшысының қақтығысты шешудегі әдіс-тәсілдері мүлде басқаша болады деп болжайды.