Трамп пен Путиннің әңгімесінен кейін Ресей акцияларының бағасы көтерілді
Дональд Трамп пен Владимир Путиннің әңгімесінен кейін Ресей акцияларының бағасы бірден көтерілді. «Газпром», НОВАТЭК және «Юнипро» компанияларының құнды қағаздары 1 сағаттың ішінде 8%-ке қымбаттаған.
«Мосбиржа» индексі былтырғы маусымнан бері алғаш рет 4,5%-ке артып, бағамы 3100-ден асты.