Путин мен Трамптың телефон арқылы әңгімелесуі мұнай бағасына әсер етті

Мұнай бағасы арзандады.

Бұған Владимир Путин мен Дональд Трамптың телефон арқылы сөйлесуі әсер етті. Өйткені инвесторларда Ресейге салынған санкциялар алынып тасталса, қара алтынды жеткізу тізбегі қалпына келе ме деген үміт пайда болған. Сөйтіп, Брент маркалы шикізат пен "Дабл-Ю-Ти-Ай" 2 пайызға арзандаған. Кеше Владимир Путин мен Дональд Трамп телефон арқылы байланысқан еді. Кремльдің баспасөз хатшысы Дмитрий Песковтың айтуынша, олар Таяу Шығыстағы ахуалды, энергетика мәселесі мен Украинадағы жағдайды реттеу жайын талқылаған. Трамп әскери қақтығысты тез арада тоқтатуды және мәселені бейбіт жолмен шешуді ұсынған. Путин Трампқа жауап ретінде қақтығыстың түпкі себептерін жою қажеттігі туралы айтып,  АҚШ президентін Мәскеуге шақырды. Сөйтіп, саясаткерлер жеке кездесулер ұйымдастыруға келісті.