Әлемде бір жылда 124 тілші қызметі кезінде көз жұмды

Былтыр әлемде 124 журналист қызмет барысында опат болды, деп хабарлайды 24kz.
Көбі Таяу Шығыста көз жұмған. Бұдан бөлек, бұқаралық ақпарат құралдары үшін қауіпті елдердің ішінде Судан, Пәкістан, Гаити мен Мексика да бар. Сарапшылар кейінгі жылдары қызмет кезінде қайтыс болған тілшілер саны артып бара жатқанына алаңдаулы. Соңғы рет мұндай көрсеткіш 18 жыл бұрын тіркелген. Ол кезде 113 тілші көз жұмған. Шамамен жартысы Ирактағы соғыста мерт болған.