Румынияда бала туу көрсеткіші ең төмен деңгейге түсті

Румынияда бала туу көрсеткіші ең төмен деңгейге түсті

Румынияда былтыр бала туу көрсеткіші кейінгі 100 жылдағы ең төменгі деңгейге түсті, деп хабарлайды 24kz

2024 жылы 19 миллиондай тұрғыны бар елде дүниеге келген сәбидің саны 150 мыңға жетеғабыл. Балғындар аз болғасын кейбір балабақшалар мен мектептер жабылып қалған. Жас отбасыларға жөнді қаржылай көмек көрсетілмейді. Сондықтан олар мансап қуып, балалы болуға асықпайды. Экономикалық қиындықтарға байланысты тұрғындар өзге мемлекеттерге кетіп жатыр. Елде бедеуліктеі емдеу өте қымбат. Сарапшылар бала туу көрсеткішінің төмендеуінің бір себебі осы екенін айтады.