АҚШ-тың 3 федералдық соты Трамп жарлығының күшін жойды
АҚШ-тың осымен үшінші федералдық соты Дональ Трамптың азаматтық беруді тоқтату туралы жарлығының күшін жойды, деп хабарлайды 24kz.
Сиэтл қаласы, Мэриленд және Нью-Гемпшир штаттарының соты Ақ үй басшысымен келіспей отыр. Олардың айтуынша, Президент қол қойған құжат Конституцияның 14-ші түзетуіне қайшы келеді. Бұған дейін АҚШ аумағында дүниеге келген кез келген сәби осы елдің азаматы атанатын. Бірақ Дональд Трамп қызметіне кірісе салысымен бірден оған тыйым салған еді. Бұл саясаткердің заңсыз мигранттармен күрес саясатының бір бөлігі.