АҚШ-та жұмыртқа бағасы рекордтық көрсеткішке жетті
АҚШ-та жұмыртқа бағасы шарықтап барады, деп хабарлайды 24kz.
Бір айда 15%-ке қымбаттаған. Мұндай жағдай осыдан 10 жыл бұрын болған. Бәріне құс тұмауы себеп. Індет 32 штатта тарап жатыр. Бұл ретте кейбір дүкендер сатылатын жұмыртқа саны бойынша шектеулер енгізе бастады. Қазір көтерме саудада жұмыртқаның 12 данасы біздің ақшамен шамамен 3700 теңге. Бұл былтырғымен салыстырғанда 3 есе қымбат.