Үндістан Америкада заңсыз жүрген азаматтарын қабылдауға дайын

Үндістан АҚШ-та заңсыз жүрген немесе расталған мәртебесі бар барлық азаматтарын елге қайтаруға әзір, деп хабарлайды 24kz

Үндістанның Премьер-министрі Нарендра Моди Ақ үй басшысы Дональд Трамппен кездесуінде осылай деп мәлімдеді.

Сондай-ақ ол мигранттардың АҚШ-қа қарай ағылуына адам саудасы қылмысы себеп екенін ашық айтты. «Америкаға көбіне арман қуып келетін жасөспірімдер мен жастар. Ал олардың шын мәнінде, қылмыстық топтардың құрығына түсіп қалғанын аңғару қиын емес», - дейді ол.

Pew Research Center келтірген мәліметке сәйкес АҚШ-та 725 мыңнан астам үнді азаматы рұқсатсыз жүр. Бұл көрсеткіш барлық ел бойынша Мексика мен Сальвадордан кейін үшінші орында.

Нарендра Моди, Үндістан премьер-министрі:

- АҚШ-қа келетіндердің көбі жағдайы төмен отбасыдан шыққан жастар. Олар мұнда арман қуып келеді. Ал шын мәнінде, адам саудасына жегілгенін білмейді. Сол себепті біз адам саудасын қысқартып, толығымен жоюға күш салуымыз керек. Қылмыстық топтардың әрекетіне қарсы күресуге тиіспіз. Трамп мырза, Үндістан бұған қолжеткізу үшін сіздің бастамаңызды толық қолдайды.

Дональд Трамп, АҚШ президенті:

- Үндістанмен арада алшақтық байқалады. Бұл жылдар бойы жалғасып келе жатыр. Егер мұны тоқтату керек болса, мен қолдан келгенін жасауға дайынмын.  Біз Қытай, Үндістан, Ресей, АҚШ, бәріміз жақсы тіл табысамыз деп үміттенемін.