Орегон штатында қарлы бораннан 100 көлік соқтығысып қалды
АҚШ-тың Орегон штатында қатты боран соғып, тас жолда 100 көлік соқтығысып қалды.
Бұл туралы Associated Press агенттігі хабарлады. Олардың айтуынша, боранда жүргізушілер алдындағы көлікті көрмей қалған. Оқиға Портленд қаласынан 40 шақырым жерде болды. Апат салдарынан жол талғамайтын бір көлік жанып кетті. Зардап шеккендердің саны әзірге белгісіз. Өйткені кей жолаушылар көлікте қалып қойған. Із-түзсіз кеткендер де бар. Іздеу-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр.