Бельгия әуежайларында барлық рейстер тоқтады
Бельгияда Брюссель мен Шарлеруа әуежайында барлық рейс тоқтатылды, деп хабарлайды 24kz.
Бұл мыңдаған еуропалықтың сапарынан қалып, тығырыққа тірелуіне әкелді. Бұған аймақтағы сол күні жарияланған жалпыұлттық жұмысшылар ереуілі себеп. Әуе компаниялары жолаушылар мен қызметкерлердің қауіпсіздігіне кепілдік беру үшін ұшу рейстерін тоқтатуға шешім қабылдаған. Шарлеруа әуежайында тек Шенген елдерінен келетін рейстерге қонуға рұқсат етілген. Қалған аймақтарға әзірге шектеу қойылды. «Әсіресе, Франция, Германия, Нидерланд, Ұлыбритания және АҚШ-тан бағыт алған әуе кемелеріне ереуіл әсер етуі мүмкін». - дейді жауаптылар. Сол себепті билік компанияның алдын ала хабарлауынсыз әуежайға әзірге келмеуге шақырды.