Италияның әуе кемесі палестиналық науқас балаларды Римге жеткізді

Италия билігі әуе күштерінің ұшағымен қатерлі ісікке шалдыққан ондаған палестиналық баланы Римге жеткізді, деп хабарлайды 24kz

Бұл Италия үкіметінің палестиналықтарға гуманитарлық көмек бағдарламасы аясында жүзеге асты. Чампино әуежайына жеткізілген балаларды осы елдің вице-премьері мен сыртқы істер министрі Антонио Таяни күтіп алды. Олар қақтығыстан зардап шеккен палестиналық тұрғындарға медициналық және гуманитарлық қолдау көрсетуге уәде берді.

Айта кетейік, ХАМАС ұйымы Газа секторындағы қақтығысты тоқтату туралы келісімді бұзып, кепілдегілерді босатпай отыр. Ертең олар 3 израильдік тұтқынды бостандыққа жіберуге тиіс.