Әлемдік нарықта какао бағасы шарықтап барады

Какаоның әлемдік нарықтағы бағасы шарықтап барады, деп хабарлайды 24kz.
Өйткені ең ірі өндіруші елдер орналасқан Батыс Африкада ауа райының қолайсыздығынан өнім қоры айтарлықтай азайған. Соның салдарынан әлем бойынша какао тапшылығы туындауы мүмкін. Сарапшылар мұның бәрі шоколад бағасына да әсер ететінін ескертеді. Кейбір өңірде оның құны 30%-ке дейін өсуі мүмкін деген болжам бар. Айта кетейік, Батыс Африканың 44 аймағында какао өндіріледі.