Кубада мектептер мен компаниялар жұмыс істемей тұр
Кубада бүгін мектептер жабылды.
Сенбі аралда жұмыс күні болса да, компаниялар мен кәсіпорындар қызметін уақытша тоқтатты. Өйткені кейінгі күндері қайта-қайта жарық өшіп жатыр. Елде энергетикалық дағдарыс жалғасуда. Былтыр бүкіл мемлекет толықтай жарықсыз қалған жағдайлар болған. Бәріне экономикалық қиындықтар себеп. Соның кесірінен мемлекет электр станцияларының жұмысына қажетті отынды сырттан сатып ала алмай отыр.