ХАМАС үш израильдікті босатады
Бүгін ХАМАС ұйымы 3 израильдік тұтқынды босатады.
Барлығының қос азаматтығы бар. Олар Израильден бөлек Ресей, АҚШ және Аргентина азаматтары боп есептеледі. Бәрі 2023-жылдың күзінде ХАМАС шабуылы кезінде тұтқынға алынған. Жауап ретінде еврей елі түрмеде отырған 369 адамды босату керек. Солардың 10 пайызы өмір бойы бас бостандығынан айырылығандар. 19 қаңтарда Газа секторында бейбіт бітім туралы келісім күшіне енген еді. Алғашқы кезеңіне сәйкес, Израиль әскері мен ХАМАС мүшелері оқ атуды тоқтатудан бөлек тұтқындармен алмасуға уағдаласқан. Бір айдың ішінде 21 израильдік тұтқын жіберіліп, 730-дан аса палестиналық сотталушы босатылған. Бірақ тараптар арасында бірін бірі бітімді бұзғаны үшін айыптап, алмасу процесін уақытша тоқтатамыз деп сес көрсетіп жатады.