Қазақстандық стартаптар Корея нарығында бәсекелестік тудырды
Қазақстандық стартаперлердің жобасы Оңтүстік Корея нарығында бәсекеге ие.
Әсіресе, жасанды интеллект саласында сәтті бастамалары бар.
Бұл робот қазақстандық Кәкім Данабаев негізін қалаған компанияда шығарылған. Механикалық қол - электр қуатынсыз, батареясыз жұмыс істей береді. Кәкім осында университетті 4 жыл бұрын тәмамдап, қазір стартаптармен айналысып жүр. Компаниясында Қазақстан, Қырғызстан және Ресейден келген 15 адам жұмыс істейді. Олар зауыттар, жылыжайлар, тіпті Оңтүстік Кореяның бірнеше қаласының цифрлық жобаларын жасайды. Мұндай идеяларды Қазақстанда да іске асыруға дайын.
Кәкім Данабаев, жасанды интеллект компаниясының операциялық директоры:
- Бұрын үй шаруасында отырған әйелдер компьютердің қарапайым тетіктерін білмейтін еді. Қазір олар жасанды интеллекті меңгеріп алған. Жергілікті кадрларды дамытуға басымдық беріліп жатқаны қуантады. Біз де өзіміздің оқыту бағдарламаларымызды Қазақстанға енгізуді жоспарлап отырмыз.
Кәкім Данабаевтың айтуынша, Қазақстан – Орталық Азияда жасанды интеллектті енгізу бойынша көшбасшы ел. Оңтүстік Кореяда Қазақстанға деген қызығушылық жоғары, ал жергілікті компаниялар өз тәжірибелерімен бөлісуге дайын. Ал оларда ұсынатын жоба көп. Мәселен, жасанды интеллект офицерлерге әскери операцияларды жүргізуге кеңес береді. Сауда саласы үшін сатып алушының жасын, жынысын және қандай тауарларға назар аударатынын анықтайтын бейнекамералармен жабдықталған бағдарлама бар.
Владислав Цой, тілші:
- Бұл жасанды интеллект енгізілген құрылғы. Кәдімгі нұсқадан ерекшелігі - жаттығу кезінде бірден бағыт береді, қандай бұлшықеттер жұмыс істеп жатқанын және қай жерге көңіл бөлу керектігін анықтайды.
Ал бұл құрылғы қарт адамдар мен уақытша жүре алмайтын азаматтарға күтім жасауға көмектеседі.
Ли Хи Хён, IT компаниясының өкілі:
- Бастапқыда бұл өнім балалар жөргектеріне арналған сенсор ретінде жасалған. Бірақ қазір оны үйде егде жастағы ата-аналарға күтім жасау үшін, сондай-ақ қарттар үйлерінде қолдануға болады. Ал ауруханада бұл жабдық медицина қызметкерлерінің жұмысын шамамен 60%-ға жеңілдетеді.
Сеулде жыл сайын 10 мың жасанды интеллект маманы оқытылады. Алдағы екі жылда жасанды интеллект саласына 500 миллиард вон немесе шамамен 344 миллион доллар инвестиция құю жоспарланып отыр.
Владислав Цой, Ольга Лян