Нью-Дели вокзалында ондаған жолаушы көз жұмды
Үндістан астанасындағы теміржол вокзалында адам кептеліс пайда болып, 15 жолаушы қысылып көз жұмды. Арасында үш бала бар. Тағы 10 адам жарақат алды.
NDTV мәліметі бойынша оқиға пойыздардың кешігуіне байланысты болған. Салдарынан вокзал іші жолаушыларға лық толып кеткен. Олар Праярадж қаласына ауқымды діни фестивальге қатысу үшін жолға шыққандар. Полиция қайғылы оқиғаны тергеуді бастады. Үндістан премьер-министрі көз жұмғандардың отбасылары мен жақындарына көңіл айтты.