Газа секторында наубайханалар ашылды
Газа секторында атыс-шабыстан жабылған наубайханалар қайта жұмыс істей бастады. Қарулы қақтығысқа дейін елдегі наубайханалар 400 мың адамды тегін нанмен қамтамасыз етіп отырған.
Десе де БҰҰ өкілдері өңірдегі гуманитарлық жағдай әлі қиын екенін айтады. Тойып тамақ ішпей жүргендер көп. Атыс тоқтағалы аймаққа күніге 600 жүк көлігі гуманитарлық көмек жеткізеді. «Бірақ соның өзі 2 миллионнан аса тұрғынға жеткіліксіз», – дейді мамандар.