Жапонияның солтүстігі қар құрсауында қалды
Жапонияның солтүстігінде қар әлі басылмай тұр. Кейбір жерде оның қалыңдығы адамның бойынан асады. Ауа райының қолайсыздығына байланысты 200-ден аса әуе рейсі кейінге шегерілген.
Өңірде күн де күрт суытып кетті. Салдарынан өткен аптадан бері 13 адам көз жұмып, 150-ден астамы жарақат алған. Шалғайдағы кейбір өңірлерге жету мүмкін болмай тұр. Ал синоптиктер келесі аптада да қалың қар жауатынын ескертеді.